2015 жылғы 11 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн және «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 329-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiнде (бұдан әрі – Ереже):
2-1 және 2-2-тармақтар алып тасталсын;
2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.»;
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оның қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелерінің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін конкурсқа қатысушының есебін – А4 форматындағы 38 парақтан аспайды;
3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) – А4 форматындағы 30 парақтан аспайды;»;
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын тапсырады.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) конкурс ұйымдастырушысы комиссиясының конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалауы және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындауы.»;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, қоғамдық бiрлестiктердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi арасынан сараптамалық топтар құрылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Сараптамалық топтар жергiлiктi жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiн алдын ала бағалауды жүргiзгеннен кейiн құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 қыркүйекке дейінгі мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға жiберiледi.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы құрылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы ұсынылған материалдарды алдын ала бағалауды жүргізгеннен кейін және сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарапосы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала қорытынды шығарады және конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конкурсқа қатысушы
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы___________________________
Заңды мекенжайы ____________________________________________»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы туралы мәліметтер
Қызметкерлердің жалпы саны___________________________________
Филиалдар саны (болған кезде)__________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы), СЭҚ ТН коды _________________________»;
көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 5-қосымшада:
«Заңды тұлғаның атауы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы»;
кесте мынадай мазмұндағы 10, 11-тармақтармен толықтырылсын:
«
10. Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы)
11. Кәсіпорынның саланың дамуына қосқан үлесі туралы салалық қауымдастықтың бағасы (бар болса)
»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астананың кәсіпкерлер палаталары (бұдан әрі – өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Сараптамалық топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, сарапшылар кіреді.»;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайтын сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен тиісті білім саласындағы мамандар, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары, сарапшылар кіреді.»;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурсқа қатысушы туралы мәліметтер
Қызметкерлердің жалпы саны___________________________________
Филиалдар саны (болған кезде) __________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды__________________________»;
көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Ережеге 5-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы №125 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне 1-қосымша
Тіркеу нөмірі__________
Конкурсты ұйымдастырушы –
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын
алуға арналған конкурсқа қатысуға арналған
өтінім
1. Өтінім беруші
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы
__________________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі__________________________________________________
2. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы
__________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________________
Лауазымы _________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс ___________________________________________
3. Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны ________________________________________
Филиалдар саны (бар кезде) __________________________________________
Қосымша:
Құжаттар жиынтығы.
Басшының қолы
______ жылғы «__»___________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №125 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне 3-қосымша
Негізгі көрсеткіштер туралы ақпаратты ұсыну нысаны
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алатын ұйымның атауы ____________________________________________
Р/с №
Көрсеткіштер атауы Өлшем бірлігі Алдыңғы 2 жылда Өсу қарқыны % Бизнес- жоспар
20__ жылы 20__ жылы
1 Негізгі капиталға инвестициялар көлемі млн. тг.
2 Өндірілген өнім көлемі млн. тг.
3 Өнімдерді жеткізудің жалпы көлемінде экспортқа жеткізудің үлес салмағы %
4 Экспорттың өсу қарқыны %
5 Рентабельділігі %
6 Жұмыс істеушілердің орташа айлық саны адам
7 Орташа айлық еңбекақы тг.
Кәсіпорын басшысы___________ _____________
Бас бухгалтер ___________ _____________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №125 қаулысына 3-қосымша
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдынала сараптамалық бағалау ережесіне 1-қосымша
Тіркеу нөмірі___________
Конкурсты ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына
Өтінім
1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының атауы_______________________________________
Мекенжайы________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі_________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты_______________________________________________
Лауазымы _________________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс
__________________________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны ________________________________________
Филиалдар саны (бар болса) __________________________________________
Қосымша:
1) сауалнама-декларация;
2) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (бар болса);
3) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
4) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты;
5) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер;
6) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат.
Басшының қолы
20__ ж. «___» ________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №125 қаулысына 4-қосымша
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесіне 3-қосымша
«Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» номинациясы
Облыс ___________________________________________________________
Ұйым ____________________________________________________________
Өнім ____________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы_________________________________________
Сараптамалық бағалау кестесі
Р/с № Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер Сарапшылар (Т.А.Ж.) Орташа балл
1 2 3 4
1 Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)
2 Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)
3 Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)
4 Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)
5 Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)
6 Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)
7 Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы) (әр сертификат үшін 0, 10 балл)
8 Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)
9 Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (1-10 балл)
10 Бұйымды дайындаған кезде қолданылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0, 10 балл)
Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.) ______________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _______________________
Сараптамалық топ мүшелері ______________________________
______________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №125 қаулысына 5-қосымша
«Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiне 4-қосымша
«Халық тұтынатын үздiк тауарлар» номинациясы
Облыс ___________________________________________________________
Ұйым ___________________________________________________________
Өнім ____________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы ________________________________________
Сараптамалық бағалау кестесі
Р/с № Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер Сарапшылар (Т.А.Ж.) Орташа балл
1 2 3 4
1 Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)
2 Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)
3 Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)
4 Әлеуметтік маңыздылық деңгейі (аналогпен салыстырғанда бағасы және тұтынушылардың түрлі санаты үшін қазақстан нарығындағы қолжетiмдiлiгi) (1-10 балл)
5 Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)
6 Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)
7 Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)
8 Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (әр сертификат үшін 0, 10 балл)
9 Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)
Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт.балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.) ____________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _____________________
Сараптамалық топ мүшелері ____________________________
____________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 11 наурыздағы №125 қаулысына 6-қосымша
«Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiне 5-қосымша
«Үздiк азық-түлік тауарлары» номинациясы
Облыс ___________________________________________________________
Ұйым ____________________________________________________________
Өнім _____________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы ________________________________________
Сараптамалық бағалау кестесі
Р/с № Өлшемдер, талаптар, көрсеткiштер Сарапшылар (Т.А.Ж.) Орташа балл
1 2 3 4
1 Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну ерекшелігінің деңгейі (1-10 балл)
2 Өндiрiлетiн өнiм көлемiндегi экспортқа шығарылатын өнiм үлесi (10 % үшiн 1 балл)
3 Өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнiмдi өндiру көлемiнiң ұлғаюы (әрбір 10 % үшiн 1 балл)
4 Тұтынушылар, мемлекеттiк бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/болмауы (0, 10 балл)
5 Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пiкiрлерi (республиканың әртүрлi өңiрлерiнен және одан тыс жерлерден кемiнде 10 ресми ресiмделген) (0, 10 балл)
6 Өнімдегі жергілікті қамту үлесі (әрбiр 10 % үшiн 1 балл)
7 Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі (менеджменттің сертификатталған жүйелерінің болуы (әр сертификат үшін 0, 10 балл)
8 Өнімнің қауіпсіздігін растайтын көрсеткіштер тұрақтылығының деңгейі (сәйкестік сертификаты, сәйкестік декларациясы) (әр сертификат/декларация үшін 0, 10 балл)
9 Өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында компанияның маркетингтік саясатының тиімділігі (1-10 балл)
10 Бұйымды дайындау кезінде қолданылатын инновациялар («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттердің болуы, конструкциялардың жаңалығы) (0, 10 балл)
Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт.балл)
Комиссия төрағасы (Т.А.Ж.) ____________________________
Сараптамалық топ хатшысы (Т.А.Ж.) _____________________
Сараптамалық топ мүшелері ____________________________
____________________________